«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ: ВАКЦИНАЦИЯ КҮЗДЕ БАСТАЛАДЫ

Биыл медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізіліп, егулердің тізбесі адам папиллома вирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды. Бұл туралы аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық басқармасының мамандары хабарлады. Вакцинациялау жұмыстары күз айларында жүргізіліп бастайды.
Адам папиллома вирусы — жатыр мойны обырының қоздырғышы. Бұл онкологиялық аурулардың ішінде кең таралған аурулар қатарына жатады. Елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі. Бір жылда осы патологиядан 600-ден астам әйел көз жұмады екен. Дәрігерлер жатыр мойны обырының алдын алудың бірден бір әдісі вакцинация екенін айтады. Бұл вакцина әлемнің 135 мемлекеттерінде 15 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді. Атап айтатын болсақ, Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Өз-бекстан, Қырғызстан, Түркменстан, т.б. елдер.
Адам папиллома вирусы — дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабаттарын зақымдайтын вирустар тобы. Ол жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, қатерлі ісік тудыруымен қауіпті. Оның 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрінде онкологияның даму қаупі жоғары. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындар, сауна, монша, спорт залдар, дәретхана, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек. Ол жыныстық қатынас арқылы, туу кезінде тікелей жолмен беріледі. Аталған вакцинация республикалық бюджет есебінен мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттерінде жүргізіледі. АПВ қарсы вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігі ғылыми дәлелденген, жағымсыз әсерлер туғызбайды. Вакцина дельта тәрізді бұлшықетке бұлшықет ішіне енгізіледі, 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Бұл екпе адам папилломасы вирусымен зақымдану деңгейін және онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обырының дамуын төмендетеді, — деді аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.
Оның сөзінше, Мұғалжар ауданы бойынша 600 қыз балаға АПВ қарсы вакцинация беру жоспарланған. Вакцинаға қарсы көрсетілімдері жоқ жасы 11-ден асқан қыз балаларға ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімі бойынша егу жұмыстары жүргізіледі.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық оқушылардың көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгіленді

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДАҒЫ АБАЙ: БІЗ АҚЫНДЫ ҚАЛАЙ ҰЛЫҚТАП ЖҮРМІЗ?

admin_mugalzhar

Тұман және көктайғақ. Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.