«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«САМАЛДЫҢ» БҮЛДІРШІНДЕРІ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Облыс орталығында «Балалар жылы» аясында жыл сайынғы «Новая звезда ХХІІ» ашық конкурс-фестиваліне қатысқан аудан орталығындағы «Самал» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушілері жүлделі оралды.

Халық шығармашылығы мен мәдени қызметтерін ұйымдастыру орталығының бастамасымен өткен байқауға «Самал» бөбекжай бақшасы «Балауса» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері хореография номинациясы бойынша қатысып, жүлделі екі орынды иеленді. Атап айтсақ, «Көңілді қуыршақтар» биін нақышына келтіріп билеген кішкентай бишілер І орынды жеңіп алса, ал «Маленькие тигрята» биін билегендер ІІІ орынға табан тіреді. Кішкентай жеңімпаздарға Жемісгүл Мамытова, Гүлсая Кесікқұл жетекшілік етеді. Аталған бөбекжай-бақшаның «Балдырған» тобының ер балаларынан құралған бишілер «Батырлар» биін билеп, қанжығаларына І орынды байлады. Бүлдіршіндердің жетекшілері: Асел Адылхан мен Гүлшара Бисембина.

«Қол шатыр» биімен көптің көңілінен шыққан «Құлыншақ» тобы жеңіс тұғырының ІІ орнынан көрінді. «До Ре Ми» биін шебер билеген балабақша тәрбиеленушісі Айжұлдыз Төлебай ІІ орынды жеңіп алды. Ал вокал жанры бойынша өнер көрсеткен Әміре Аманжол І орынға ие болды. Жүлдегер Әміреге Даража Нұрғалиева жетекшілік етеді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Холодные массы вторглись на территорию Казахстана

admin_mugalzhar

ЕЛАМАН – САМБО КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Алаяқтықтың жаңа түрі белең алуда: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.