«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАННЫҢ «КІШКЕНТАЙ БІЛГІРЛЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ

Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кішкентай білгіргер» облыстық командалық олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті.

Аталған байқауға аудан бойынша 20 командадан құралған 4- сынып оқушылары қатысты. Оқушылар 3 пәннен тест тапсырмаларын орындап, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білім деңгейлерін сынға салды. Байқау нәтижесінде шапшаңдықтары мен білгірліктерін шебер көрсеткен Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі атынан қатысқан «Озат ойшылдар» командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Топ құрамында 4 «Д» сынып оқушысы Шахмардан Есімхан, 4 «Г» сынып оқушысы Досжан Орынбасарұлы, 4 «А» сынып оқушысы Муслимат Ақылбекова, 4 «Б» сынып оқушысы Айсұлу Аманжол бар.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Димаш Құдайберген Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті

admin_mugalzhar

«Халықтық Конституция үшін» коалициясы ғалымдарды болашақ Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға шақырды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar