«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«SPORT LIFE» — СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМҮШІН

Қандыағаш қаласында спортқа жаны құштар жандар үшін, әсіресе, жабық алаңда жаттығатынды ұнататындар үшін жаңа спорт кешені ашылды.

Жалпы көлемі 350 шаршы метрді құрайтын спорт кешені «Жастық» мөлтек ауданындағы «Мечта» сауда үйінің ішінде орналасқан. Спорт кешенінің негізін қалаушы пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ақтөбе облысы бойынша бас жаттықтырушы Сергей Ведюшкиннің айтуынша, кешен бір мезгілде 50 адам жаттыға алатындай спорт құралдарымен қамтылған. Әйел адамдар мен ер адамдарға арнайы екі-екіден жаттықтырушы тағайындалған. Келушілер арнайы төлем пакеті арқылы бекітілген кесте бойынша келеді екен. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыратын және жуынатын бөлек бөлмелер де бар.

А.АЛТЫБАЕВА

 

Ұқсас ақпараттар

Зейнеткерді құтқарам деп күйіп қалған жігітке Ақтөбе тұрғыны пәтер сыйлады

admin_mugalzhar

30 ЖЫЛ ӘРІПТІ ҚОЛМЕН ТЕРГЕН ЖАН

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.