Колледжде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Бернияз Длимов, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғалым Дәрімбетов, колледждегі «Қамқоршылық кеңесінің» мүшесі, «Қандыағаш Локоматив пайдалану депосының» аға қабылдаушысы Әжібай Срашев, «Коммуналшы» мекемесінің директоры Әбілбай Жукашев және директордың орынбасары Салауат Жұмағалиев, «Іскер маман» ЖШС-нің басшысы Руслан Кенесарин, «Транстелеком» АҚ-ның директоры Нұрбек Төлепбергенов, «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС-нің директоры Ян Чжаньцзюнь, «Шаңырақ», «Раушан» кафелерінің директоры және кәсіпкер Гүлсім Есбаева, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкері Марат Масаков, «Мұғалжар электр желісі» АҚ-ның директоры Мейрамбек Жүсіпов, «Олжа» АҚ-ның бөлім басшысы Бауыржан Серікбаев, Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының басшысы Мақсұт Мұрсал және жеке кәсіпкер Ерболат Есмұханов қатысты.
Жұмыс беруші күні алдымен колледж директоры Бек Байбуловтың құттықтау сөзімен ашылып, арнайы концерттік бағдарламаға ұласты. Бұдан кейін студенттер басқосуға жиналған кеш қонақтарына көкейлерінде жүрген мамандыққа қатысты сауалдарын қойып, сыр-сұхбат ұйымдастырды.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда әлеуметтік серіктестіктің маңызы зор екені белгілі. Сондықтан шара барысында өнеркәсіптер мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында келісім-шарт жасасып, меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар осы кезге дейін колледжбен келісім-шарт жасасып, бірлесе жұмыс атқарып, кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыруға үлесін қосқан әлеуметтік серіктестер марапатталды.
Шара соңында жиналғандар колледжді аралап, сабақ өтетін кабинеттерді көріп, танысты және мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің шебер кластары өтті.
Алдыңғы