«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПАЛУАНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Ақтөбе қаласында дзюдодан «AktobeJudoLegue» облыстық жарыс өтті. Аталған жарысқа ауданнан «Qyran» спорт клубының тәрбиеленушілері қатысып, жеңіспен оралды.

Ептіліктері мен күштіліктерін шебер көрсете білген Амир Серік, Мирас Нағметов, Хасан Нұрлан, Сержан Қабибуллалар жарыс жеңімпазы атанып, «Алтын» медальға ие болды. Ал Айдос Аманғалиев пен Расул Смағұл күміс медальды қанжығаларына байлады. Абдулазиз Темірхан, Нұрали Таласов, Шыңғыс Тоқсанбай, Сұлтан Дәулетбаев, Осман Смағұл, Нұрғасыр Қалиев, Абдурахман Мускалиев, Бексұлтан Бейбітов ІІІ орынды місе тұтты. Сонымен бірге аталған клуб тәрбиеленушілері арасынан Қызылорда облысы

Қармақшы ауданында «Достық-Жер» МК ЖШС-нің жүлдесі үшін өткен республикалық турнирде Нұрмұхан Жолдыбай мен Сұлтан Дәулетбаев жеңімпаз атанды. Ал Шыңғыс Тоқсанбай қола медаль алды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

 

Ұқсас ақпараттар

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

admin_mugalzhar

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІ ҰШТАСТЫРҒАН ШАРБАНУ

admin_mugalzhar

ЖАҢА МИНИСТРЛІК ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar