Тәуелсіздік күніне орай аудандық мәдениет үйінде 10-16 жас аралығындағы өнерпаз жастардың арасында «Патриоттық әндер — 2022» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жастарды патриотизімге тәрбиелеу арқылы еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту болып табылады. Байқауға аудан мектептерінен 23 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің оқушысы Нұрай Омар иеленді. І орынға Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің оқушысы Амира Хасен, ІІ орындарға Қандыағаш қалалық №1 мектебінің оқушысы Жазира Сапина мен Жұрын ауылдық округінен қатысқан Аружан Жайлаубаева ие болды. Ембі қаласынан қатысқан Гүлназ Орман, Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Сати Якубова және Аяулым Жаңғазы (Жұрын а.о) жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Сонымен қатар өз өнерлерімен көзге түскен оқушыларға «Көрермендер көзайымы» номинациясымен ынталандыру сыйлықтары табысталды.