«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ВОЛЕЙБОЛДАН ҮЗДІК КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Волейболдан әуесқой командалар арасында өткізілген “MUGALZHAR LEAGUE” жобасы өз мәресіне жетті. Лига ойындарына 7 команда қатысып жүлделі орындарға таласты.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша «Қандыағаш-Жас» командасы жеңімпаз атанды. ІІ орынды «Жұрын» командасы, ІІІ орынды «Құмсай» командасы иеленді. Лига ойындарында үздік деп танылған ойыншылар «Үздік байланыстырушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы»,
«Үздік тосқауылшы», «Үздік ойыншы» номинацияларына ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар лига ұйымдастырушылары және Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан дипломдармен, медальдармен, кубоктармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ШЕГІРТКЕ: 38300 ГЕКТАР ЖЕР ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПОШТАШЫ БИБІГҮЛ

admin_mugalzhar

«Дауыс беруге арналған бюллетень»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.