«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2023: АУДАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ. АТАЛҒАН СЕССИЯҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САНСЫЗБАЙ МҰҚАНОВ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАТЫСТЫ. ЖИЫН БАРЫСЫНДА АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ҒАЙНИЯТ АСҚАРОВ «2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» БАЯНДАМА ОҚЫП, АУДАННЫҢ ЖАЛПЫ БЮДЖЕТІНЕ ТОҚТАЛЫП ӨТТІ.

Ол өз баяндамасын 2022 жылдың игерілген бюджетінен бастады. Ғ.Асқаровтың айтуынша, осы жылы бекітілген бюджетке 6 мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Соның нәтижесінде 12 млрд 165 млн теңгеге бекітілген бюджет 12 млрд 538 млн теңгеге ұлғайған. Оның ішінде алым 2388 млн теңге болса, ал қалған ағымдағы қаржы көлемінің шығындары 9777,0 млн теңге тиісті бағыттарға жұмсалған. Ал кейін қайтарылған қаржы көлемі 6403,9 млн теңгені құраған. Осы жылы ауданға республикалық бюджеттен 3777,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 1106,6 млн теңге бөлініп, бюджеттік комиссияға түскен сұраныстар негізінде талқыланып, толықтау қанағаттандырылған.

Біз үш жылға бюджеттің жоспарын жасап, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. 2023 жылға 11 млрд 800 млн теңге, 2024 жылға 12 млрд 802 млн. теңге, 2025 жылға 13 млрд 750 млн теңге қарастырылуда. 2023 жылға ауданға 78,7 мың теңге республикалық бюджеттен, 4460,4 мың теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Жергілікті тиісті бюджеттік өтінімдер мен сұраныстар бойынша аудан әкімінің резервіне 236,0 млн теңге бөлінді. Сайлауалды бағдарламасындағы жоспарды іске асыруға 225,0 млн теңге, әлеуметтік салаға 929,2 млн теңге, спорт және мәдени шараларға 18,0 млн теңге, мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуге, оның ішінде жалақы қоры, әлеуметтік төлемдер, іссапар шығындары, автокөлік қызметіне, кеңсе тауарларын және автокөлік қосалқы бөлшектерін сатып алуға, коммуналдық төлемдер т.б. шығындарға 3 млрд 684 млн теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар 4-деңгейлі бюджеттерге яғни, қалалық және ауылдық округтерге субвенция көлемінде 794 млн 239 мың теңге бөлінеді деп жоспарлап отырмыз, — деді ол.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА — қоғамның маңызды бөлігі

Аталған салаға жыл сайын бөлінетін қаржының көлемі артып келеді. Әлеуметтің әлсіз топтарын қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров жиын барысында аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар жандарға атаулы әлеуметтік көмек, кепілдендірілген әлеуметтік пакет беруге бөлінген қаржының да көлемін атап көрсетті.

Жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке 70 млн теңге, кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 22 млн 538 мың теңге, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 23 млн 086 мың теңге, жартылай стационарлыққа 9 млн 776 мың теңге бөлінді. Сонымен бірге протездік ортопедиялық құралдарға, есту аппараттарына, тифлотехникалық құралдарға, мүгедектер арбасына, І топтағы мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін көмекшілерге де тиісті қаржы қарастырып отырмыз, — деді Ғайният Асқаров.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ — мемлекеттің азаматтарды қолдауға бағытталған басты жобасы

Бүгінде халықты жұмыспен қамту үшін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» қабылданып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ғайният Асқаровтың сөзінше, ауданда еңбек нарығын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен жұмысшыларды қысқа мерзімді оқытуға 28 млн 940 мың теңге, жалақыны бөлшектеп субсидиялауға 34 млн 100 мың теңге, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 454 млн 572 мың теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, оның ішінде НЕЕT жастарын, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелерін, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді қолдауға 60 млн 720 мың теңге бөлінген.

Жұмыспен қамту бойынша қоғамдық жұмыстарға 117 576 мың теңге, «Күміс жас» бағдарламасына 37 198 мың теңге, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына 23 598 мың теңге, мүгедектердің жалақысын ішінара субсидиялауға 436 млн теңге бөлінді. Біліктілік жүйесін дамытуға гуманитарлық және техникалық оқуларға да тиісті қаржы қарастырылды, — деді ол.

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін маңызды

Сонымен бірге ауылдық жерлерде және көпшілік демалатын орындарда спорт объектілерінің санын арттыру спорттағы жетістіктерді көбейтуге де ықпал жасайды. Бүгінде жыл өткен сайын баласын спорттың әртүрлі саласына жетектеп әкелетін ата-аналардың да саны артып келеді. Осыған орай, 2023 жылы арналған бюджетте Жұрын ауылынан спорт алаңын салуға 29860,00 мың теңге, Саға ауылынан спорт алаңын салуға 30763,00 мың теңге, Бірлік ауылынан спорт алаңын салуға 15115,00 мың, Бұлақты ауылынан спорт алаңын салуға 30568,00 мың, Еңбек ауылы спорт алаңының құрылысына 37000,00 мың теңге, Жарық ауылы спорт алаңының құрылысына 37000,0 мың теңге, Қандыағаш қаласында С.Сейфуллин көшесіндегі саябақтың құрылысын аяқтауға 53000,00 мың теңге, Қандыағаш қаласына көпфункционалды спорт алаңын салу 45000,00 мың теңге, Ембі қаласы спорт алаңының құрылысына 29321,0 мың теңге, Талдысай ауылынан спорт алаңын салуға 37000,0 мың теңге, Қайыңды ауылынан спорт алаңының құрылысына 30872,00 мың теңге, Алтынды ауылынан көпфункционалды спорт алаңын салуға 9889,00 мың теңге бөлінген. Сонымен бірге Ақкемер, Сағашилі, Жағабұлақ ауылдарынан әкімшілік ғимаратын салуға да қаржы бөлінген.

ИНФРОҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҚСАРУЫ — жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігінің ыңғайлы болуына ықпал етеді

2023 жылы бөлінген жергілікті бюджеттің ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін жөндеуге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын салу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қомақты қаржы бөлінген. Жиын барысында ауданның бас экономисті Мұғалжар ауылындағы бірқатар көшелердегі тас жолды орташа жөндеуге қомақты қаржы бөлінгенін де жеткізді.

Жергілікті бюджеттен Мұғалжар ауылындағы Құлқай-Әулие, Кеншілер, Ынтымақ, Теміржолшылар көшелерін 179 млн 457 мың теңге, аталған ауылдағы Заводская, Наурыз, Жастар және Тәуелсіздік көшелерін жөндеуге 288 млн 502 мың теңге бөлінді. Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылындағы Мамытов көшесі мен Достық көшесін орташа жөндеуге 122 млн 628 мың теңге қарастырылды, — деді Ғайният Асқаров.

Оның айтуынша, аудандық маңызы бар ауыларалық жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Айталық, «Жұрын — Қаракөл», «Сағашилі — Талдысай», «Қандыағаш — Жарық», «Ақкемер-Көтібар батыр-Көктөбе» тас жолдарын орташа жөндеуге де қаржы бөлінген. Ал Құмсай және Жарық ауылына су жүйелері мен ғимараттарының құрылысын салуға 67 млн 833 мың теңге қаржы қарастырылған.

Н.ТІЛЕП.

 

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП АТАУЫ ЖАҢАРДЫ

admin_mugalzhar

ТҰМАУ: ЖАҢА ШТАМДАРДЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІ БАР

admin_mugalzhar

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.