«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды

Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Ол өз еркімен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановтың орнына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, еліміздің Ұлттық құрама командасының жаңа тәлімгері Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен жетістіктерге жетуін тіледі».

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама командасын 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Осы кезде Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады.

Ол бас бапкер болған жылдары Қазақстан боксшылары әлем чемпионаттарында 5 алтын медаль (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) жеңіп алған.⠀

Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Ұқсас ақпараттар

«ЕСІМДЕ ӘЛІ СОЛ БІР КЕЗ» ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

admin_mugalzhar

Облыс әкімі ERG Ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының жаңа зертханасының жұмысымен танысты

admin_mugalzhar

ЗНАЙ НАШИХ!: ТАК ДЕРЖАТЬ, ТАЭКВОНДИСТЫ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.