«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰМАУ ӨРШІП ТҰР!

Бүгінде ауданда ауарайының қолайсыздығына байланысты жіті респераторлық вирустық инфекцияға шалдыққандардың саны артуда. Аудандық санитариялық мамандардың айтуынша, тұмауға шалдыққандардың көпшілігі — балалар.
Олардың берген мәліметіне сүйенсек, соңғы бір күннің ішінде аудан бойынша 36 адам тұмаумен ауырып қалған. Оның ішінде 25-і балалар, 11-і ересектер. Бүгінде олар толық тексеруден өтіп, дәрігердің бақылауында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, алдағы уақытта осы тұмау вирусының жаңа штаммдары пайда болады деген қауіп бар. Бүгінгідей коронавирус індеті де бас көтеріп жатқан кезде вирустық инфекциялар адамның ағзасына түсіп, иммунитет жүйесіне кері әсерін тигізіп, денсаулық жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Сондықтан биылғы орын алған эпидемиологиялық жағдайда тұрғындардың, оның ішінде осал топқа жататын адамдардың тұмауға қарсы вакцинацияланғаны өте маңызды, — деді санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.

Н.ТІЛЕП

 

Ұқсас ақпараттар

МОБИЛДІ АУДАРЫМДАР ТУРАЛЫ ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

admin_mugalzhar

АНАЛАР КЛУБЫ: ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМГЕ ҚОСАР ҮЛЕСІ

admin_mugalzhar

Желтоқсан айында «Тіл-қазына» мобильді қосымшасы жарық көреді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.