«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ҚАРЫЗЫ КЕШІРІЛЕДІ

Осы жылы қарызы бар бірқатар азаматтардың қарыздары кешіріледі. Енді олар наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. 2022 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдады. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді.

Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұхамбетовтың айтуынша, заң соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады. Аталған үш рәсімді тек борышкерғанабастайды, яғнинесие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Бірінші рәсім — соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады. Айталық, банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса, өтініш берген күннен бастап қатарынан 12-ай ішінде міндеттемелері өтелмесе, мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы, банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу, банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет. Сонымен қатар, Заң жобасымен 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар да қамтылады. 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады, — деді ол.

Ал 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойыншаазаматтарсотбанкроттығынажүгінеалады. Сотбанкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады. Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары яғни, заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, аудиторлар жүзеге асырады. Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген. Алтөлемқабілеттілігінқалпына келтіру рәсімі тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Сауықтыру жоспары қаржы басқарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Банкроттықтан кейін борышкер азаматтар 5 жылға дейін несиелер мен кредиттер ала алмайды. 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгінеді. Сонымен бірге 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Айта кететін бір жайт — алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектер есептен шығарылмайды. Азаматтық іс жүргізу кодексінде қамтылған ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер тізбесі азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы туралы іспен толықтырылатын болады, — деді Нұрлыбек Мұхамбетов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заң 2023 жылдың қаңтарында, яғни осы айда қабылданды. Ал азаматтар өтініштерімен 2023 жылдың наурыз айынан бастап жүгіне алады. Қаңтарақпан айларында қаржы министрлігі Цифрлік даму министрлігімен бірлесіп, кезең-кезеңімен ұйымдастыру-техникалық шараларды жүргізетін болады. Атап айтқанда, бүгінгі күні жұмысатқарыпжатқанбанкроттық басқарушылар, аудиторлар, заң кеңесшілері мен кәсіби бухгалтерлері тарапынан қаржылық басқарушылар тізілімі қалыптастырылады. Қазіргі таңда ақпараттық жүйенің прототипі әзірленіп, оның тестілеу мен жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Түйін

Борышкерлер өзін бонкрот деп жариялау үшін аудандық кірістер басқармасына барып, мамандардан толық кеңес ала алады. Олардың айтуынша, борышкердің бүгінде жұмыс жасап жатқаны, не болмаса жұмыс жасамайтыны маңызды емес екен.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНЕ 3 ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН МЕЙРАМБЕККЕ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.