«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Роза Мусенова ҚР Еңбегі сіңген дәрігер, профессор, еуропалық Академиялық қоғамының Құрметті профессоры, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы «Шапағат» ауруханасының бас дәрігері Аманжол Шүңгүлұлы Адаевты 80 жасқа толған туған күніне орай облыс әкімі Е.Тоғжановтың атынан құттықтау хатын табыстап, құрмет көрсетті.

Аманжол Шүңгүлұлы 1943 жылдың 5 қаңтарында Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық станциясында қарапайым теміржолшы жанұясында дүниеге келген.

Басшылық еткен ауруханасын толағай жетістіктерге жеткізіп, қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, денсаулық сапасын жақсартып келе жатқан Аманжол Адаев 2016 жылы «Оксфорд ЕВА» академиялық одақ мүшелігінің «Құрметті профессоры» ретінде құрамына еніп, 2017 жылы «Қауымдастырылған менеджмент профессоры» академиялық атағын иеленді. Аманжол Шүңгүлұлы ауданның ғана емес, облыстың, республиканың медицинасына соңғы өзгерістер мен тың емдеу әдістерін алып келді.

Аудан басшысы мерейтой иесіне жылы лебіздерін жеткізіп, «Шапағат» жеке медициналық мекемесінің ұжым мүшелеріне жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМ КӨШЕЛЕРІНЕ 117 ЖАРЫҚШАМ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

«ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.