«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«КҮМІС ЖАС»: 57 ЕГДЕ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Егде жастағы адамдарды жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік «Күміс жас» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

2023 жылы аудан бойынша «Күміс жас» жобасына  57 адамды қамту жоспарланған. Аудандық жұмыспен қамту орталығының  басшысы Ғалым Дәрімбетов аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін биылға бюджеттен 37 млн 198 мың теңге бөлінгенін жеткізді.

— «Күміс жас» жобасының ұзақтығы 36 айды құрайды. Мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші қатысушыны тұрақты жұмыс орнына орналастыруы қажет. Жалақысы ай сайын тұрақты төленеді. Жалақының бір бөлігі бюджет есебінен субсидияланады. Оның мөлше-рі 60%-дан 70%-ға дейін болады. Бірақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, 30 АЕК-тен аспайды, — деді бөлім басшысы.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ирригациялық арналарды механикалық тәсілмен тазарту қарқыны жылына 1,5 мың шақырымға дейін артты: Үкіметтің бір жылдағы жұмыс қорытындылары туралы

admin_mugalzhar

Қазақстанда «Әкімдер мектебі» жұмысын бастады

admin_mugalzhar

ДИҚАНДАР АСТЫҚЖИНАУДЫ АЯҚТАДЫ

admin_mugalzhar