«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛА ТЫНЫСЫ және ӘКІМ ЕСЕБІ

Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов кеше қалалық №3 мектеп гимназиясында қала тұрғындарымен кездесіп, 2022 жылдың 4 тоқсанда қала бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді.  

Салық түсімі -189 млн 547 мың теңге

Есепті кездесуде Қандыағаш қаласының 4-ші деңгейлі бюджетінің орындалуы мен салық түсімі туралы ақпарат кеңінен айтылды. Қала әкімінің сөзінше, 2022 жылы бюджетке түсетін салық жоспары 165,1 млн теңге болып бекітілген. Ал салықтық түсім 189 млн 547 мың теңгеге орындалған. Оның ішінде жеке табыс салығы 35 млн 639 мың теңге, мүлік салығынан 2 млн 864 мың теңге, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем 15 млн 83 мың теңге, жеке тұлғалардың көлік салығы 41 млн 673 мың теңге, заңды тұлғалардың көлік салығы 54 млн 751 мың теңге, жерді сатудан түскен салық 33 млн 350 мың теңге, жер салығы 6 млн 757 мың теңге болған. Ал 2023 жылға түсетін салық жоспары 190 млн теңге болып бекітілген.

1616 жаңа жұмыс орны ашылған

Есеп беру кездесуінде қала әкімі Талғат Өтемұратов қала бойынша жұмысссыздық деңгейінің 2022 жылы 5,2 пайызға түскенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 7,3 пайыз бол-ған екен. Оның айтуынша, 2022 жылы Қандыағаш қаласы бойынша жалпы саны 1865 адам жұмысқа тұрған. Оның 185-і «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен, 280-і әлеуметтік жұмыс орындарымен, 351-і ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған. Ал жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 1616-ны құраған. 120 адам кәсіпкерлік мақсатта қысқа мерзімді оқуға жолданған.

53 дана жол белгілері орнатылды

Жиын барысында қала әкімі қалаішілік автокөлік жолдарды күтіп ұстаудың маңыздылығына және қала тұрғындарының қауіпсіздігіне мән артты. Оның айтуынша, қазіргі таңда қала-ішілік жолдарының жалпы ұзындығы 101,4 шақырымды құрайды. Жалпы саны 64 көше бар. Оның 23-іне тас жол жабындысы салынса, 44 көшеге бүгінгі күнге дейін асфальт төселмеген. Жаңадан бой көтеріп жатқан «Жаңа қоныс» шағын ауданына кірер жол биіктеліп, тегістелген. Сонымен бірге «Самал» мөлтек ауданында 2,7 шақырым жолдың  құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Алдағы уақытта қаладағы Б.Майлин, О.Өмірбаев, І.Жансүгіров, К.Ахметов, Батыс қалашығы, А.Қалиев көшелері және «Жеңіс» даң-ғылы бойындағы автокөлік жолдарын орташа және күрделу жөндеуден өтетінін мәлімдеді. Бүгінде аталған көшелердің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда екен.

Өткен жылы қандыағаштықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектеп, балабақша секілді ғимараттардың маңына 53 дана жол белгілері  мен 9 жасанды жол кедергілері орнатылғанын айтты. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы «Жастық» мөлтек ауданы №49 А, 49 Б, 46, 48, 47, 50, 37А, 39А, 38Б көпқабатты тұрғын үйлердің алдына жарықшамдар орнатылған. Жаңа жылда қаланың бас көшелері саналатын «Тәуелсіздік» даңғылы мен С.Сейфуллин көшесін толықтай жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

«Финскийде» кәріз жүйелері жаңартылады

Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығына тоқталған қала әкімі 2023 жылы «Финский» ауданында кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілетінін тілге тиек етті. Қайта жаңғыртуға жататын кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы — 7,7 шақырым. Ол үшін бюджеттен бөлінетін қаржының жалпы көлемі 251,1 млн теңгені құрайды. Ал Р.Қошқарбаев көшесіндегі ұзындығы 180,1 метрді құрайтын кәріз жүйесін жаңартуға 36,1 млн теңге бөлінген. Бүгінде қажетті құжаттар тиісті сараптамадан өткен.

Н.ТІЛЕП

 

Ұқсас ақпараттар

«Қарапайым заттар экономикасы»: Несиені субсидиялау мерзімі 10 жылға ұзартылды

admin_mugalzhar

ҮЙІРМЕГЕ ҮЙІР БОЛ!

admin_mugalzhar

Қазақстандық ауыл тұрғындары бизнесті дамытуға 2,5%-бен несие ала алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.