«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ

Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының ұйымдастыруымен аудандық әкімдігінің ғимаратында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша «Бизнес жоспарды қалай жазу керек» тақырыбы негізінде қала және ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандарына семинар өткізілді.

Семинарды аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының жанындағы іскер әйелдер Кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Айгерім Қуандық өткізді.

Семинар барысында қала және ауылдық округ әкімдеріне бизнес жоспардың 8 құрылымы бойынша жан-жақты түсініріліп, талдау жасалды.

Семинарға қатысқан аудан әкімінің орынбасары С.Мұқанов жеке кәсіпкер Айгерім Қуандыққа және оқыту ұйымдастырған аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Б.Длимовке алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

«BIRGEMIZ: ASYL MURA»: ЖҰЛДЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады

admin_mugalzhar