«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛУДА

Ембі қалалық әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен жасөспірімдер арасында орын алған құқық бұзушылыққа байланысты жиын өтті. Жиынға Ембі қаласындағы білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 18 сәуір күні Ембі қалалық №1 орта мектебінің оқушысына дене жарақатын салу оқиғасына қатысты мәселе қаралды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Мұғалжар аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеп-тексеру және анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Отырыс барысында Ембі қаласындағы білім беру мекемелерінің басшыларына жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау мақсатындағы түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан халқы саны өсті

admin_mugalzhar

Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?

admin_mugalzhar

Әлімбет ауылындағы газ құбыры пайдалануға берілді

admin_mugalzhar