«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАСТАР «ДЕМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

«Ауыл аманаты» жобасы «NEET» санатындағы жастардың үлесін жоюға көмектеседі

Ақтөбе облысында басталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмыссыз ауыл жастарын кәсіптік дағдылауға бағытталған Қазақстандағы алғашқы жоба іске қосылды.

«Дем» жобасына облыстың 12 ауданынан барлығы 280 ауыл жастары іріктеліп алынды, бірінші кезеңде қазір 22 қатысушы білім алуда. Олардың қатарында мұғалжарлық Радина Жасұланқызы мен Тахмина Нұрсұлтанқызы бар. Жерлестеріміз бес күн ішінде (5-11 ақпан күндері) ауылшаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және қаржылық сауаттылық сияқты үш бағыт бойынша дәріс тыңдайды.

Жобаның мақсаты – қысқа уақыт ішінде жаңа дағдыларды үйрену, «NEET» жастарының үлесін жою, «Ауыл аманаты» жобасының арқасында өз ауылының экономикасы мен әл-ауқатын көтеру.

Жоба қорытындысы бойынша әрбір қатысушы бекітілген тәлімгерімен бірге бизнес-жобаларды қорғайды және сертификаттарға ие болады. Оқуды аяқтаған соң, жастарға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

admin_mugalzhar

«Бүкіл билік жүйесінің тірегі»: Президент жергілікті әкімдердің ерекше рөліне тоқталды

admin_mugalzhar