«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген пойыз жолға шықты

20 шілде күні елордадағы Нұрлы жол вокзалында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген жолаушылар пойызы жолға аттанды.

«Қаныш Сәтбаевтың қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз арнайы рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады», деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Биыл ғалым-геолог, металлогения ғылымының және мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.

@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

Этномәдени бірлестіктер басшыларымен кездесті

admin_mugalzhar

Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

admin_mugalzhar

1910 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar