«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.
Бұл саяси науқанға Мұғалжар ауданының тұрғындарыда қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскелерінің жұмысы ресми түрде еліміздің Гимнімен салтанатты түрде ашылды.

Жалпы аудан бойынша қалалық және ауылдық округтерде 45 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. 42527 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 10 сайлау учаскесі Қандыағаш қаласында, 6 сайлау учаскесі Ембі қаласында орналасқан.
Аудан бойынша аудандық мәслихат депутаттығына 51 үміткер, облыстық мәслихат депутаттығына 5 үміткер тіркелген.
Сайлаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін белгіленген учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасай алады.

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов: Үкімет бизнесті қолдаудың қосымша қаржылық және реттеушілік шараларын әзірлеуде

admin_mugalzhar

КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

admin_mugalzhar