«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ маусымы аяқталды

«Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ жұмыс маусымының жабылуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Жасыл ел» штабының өкілдері, еңбек жасағының сарбаздары, ЖОО студенттері мен колледж оқушылары қатысты. 

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов маусымды қорытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Жасыл ел» –  жалпықазақстандық қозғалысқа айналған ауқымды жобалардың бірі. Ол жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуға баулиды.  Біз жастардың бойында экомәдениетті қалыптастырып, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алғанда ғана адамзат, болашақ ұрпақтың дені сау болады, табиғатқа қамқорлық артады. Жоба өте маңызды, алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.

«Жасыл ел» жобасы биыл облыс бойынша 4 мыңға жуық еңбекшіл жастың басын қосты. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.

Жарты жылда сарбаздар көгалдандыру, аумақтарды, саябақтарды абаттандыру жұмыстарына, тақырыптық іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық акциялар ұйымдастырды. Сондай-ақ, құрылыс алаңдарында жұмыс істеді.

Ералы Тоғжанов салтанатты шарада жобаға атсалысқан 30 жауынгерге алғыс хаттармен марапаттап, Астана қаласына үшкүндік саяхатқа жолдама берді.

А.САРЫБАЙ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райы бұзылады

admin_mugalzhar

ҒАРЫШ ЖӘНЕ АДАМЗАТ

admin_mugalzhar

+997. Қазақстанда телефон коды өзгереді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.