«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘДІЛЕТ — ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ЖАНАРЫС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Португалия мемлекетінің Коимбра қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Еуропа кубогі өтуде. Дүбірлі додада Қазақстан жастар құрама командасының сапында өнер көрсеткен мұғалжарлық Әділет Алмат пен Жанарыс Рахметқали жеңіс тұғырынан көрінді.

73 келі салмақта сынға түскен Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Әділет Алмат қарсыластарының алдын орап Еуропа кубогінің алтын медалін иеленді. 66 келіде Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Жанарыс Рахметқали қола жүлдеге қол жеткізді. Жаттықтырушылары Аслан Шайхин мен Талғат Рятов.

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУЛЫҚТЫҢ ИЕСІ

admin_mugalzhar

ЗАЙЫРЛЫҚ ПЕН ИСЛАМ: ҚАРСЫ МА, ӘЛДЕ ҮНДЕС ПЕ?

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЕЛАМАН ҚОЙШЫБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar