«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда соңғы жылдары түсірілген ең үздік сериалдар анықталды

Марапаттау кешіне Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов, медиа менеджерлер, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркиядан келген мамандар қатысты.Байқау нәтижесі төмендегідей болды:
  • Үздік тарихи сериал – «Міржақып. Оян,Қазақ!». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
  • Үздік драмалық сериал – «Ақжауын». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
  • Үздік комедиялық сериал – «Келінжан». «Хабар» телеарнасы
  • Үздік веб-сериал – «Serjan Bratan». Salem Social Media
  • Үздік актер – Дулыға Ақмолда. «Serjan Bratan» сериалы
  • Үздік актриса – Жанель Сергазина. «Няня» сериалы
  • Екінші пландағы үздік актер – Рүстем Жаныаманов. «Келінжан» сериалы
  • Екінші пландағы үздік актриса – Камалия Байтелеуова. «Ақ пен қара» сериалы
  • Үздік режиссер – Ерлан Нурмухамбетов. «Қаныш.Қазына». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
  • Үздік сценарист – Бекзат Мырзахметова. «Mystan». Salem Social Media
  • Үздік қоюшы-оператор – Бағдат Арғынов. «SHEKER», «Serjan bratan», «5:32».Salem Social Media
  • Үздік монтаж – Рахимжан Яхьяров. «Ақ пен қара». «Хабар» телеарнасы
  • Үздік саундтрек – «Sheker». Salem Social Media
Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен Наурыз ұлттық байқауының Арнайы сыйлығы — Шет елге сатылған үздік коммерциялық «Патруль» сериалына беріледі.
Екінші Арнайы сыйлық бірінші отандық «Перекресток» сериалына табысталды.
Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Nauryz» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.

stan.kz

Ұқсас ақпараттар

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

ЗАҢҒА БАҒЫНАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.