«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛІМДЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Аттестация — 2023: ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері» атты семинар өтті.

Аудандықбілімбөлімініңәдістемелік кабинет меңгерушісі Медет Шариповтың айтуынша, аталған шараның мақсаты — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №533 бұйрығына сәйкес өзгерістермен толықтыруларды педагогтерге түсіндіру. Аталған шарада педагогтің құзырлық деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталды. Сонымен бірге, педагогтің қызмет саласының әрекет ауқымын кеңейту, педагогтердіаттестациялауды ұйымдастырып, жүргізудегі ерекшеліктерімен де таныстырды. Е-портфолио жинақтау және жүктеукезіндегі кемшіліктерді болдырмауы жөнінде толыққанды айтылды.

Осы жылы Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 94 педагог зерттеуші санатына, 75 педагог сарапшы санатына, педагог-модераторға 149 өтініш берген. Бүгінде олар аттестацияның 1- кезеңінен өткен. Жоғарыда аталған педагогтер 3-22 сәуір аралығында өтетін 2-кезеңіне қатысып, педагогтің білімін бағалау тестінен өтуде, — деді Медет Жалғасұлы.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Қандыағаш мектебінде ІТ класс ашылды

admin_mugalzhar

МГТК: Аудан жастары тегін оқи алады

admin_mugalzhar

ЖҰБАНОВТЫҢ 117-ШІ КӨКТЕМІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.