«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЙДАРМАН ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жуырда Қандыағаш қаласында “Қандыағаш КВН лигасының” ұйымдастыруымен, “KALAU PlUS” ЖШС-нің қолдауымен “KALAU PlUS” кубогы-2023» Жайдарман фестивалі өтті.

Ойынға қатысқан 10 команданың 8-і Ақтөбе қаласынан, Шұбар, Мәртөк, Байғанин аудандарынан келген құрамалар. Ойын нәтижесі бойынша жүлделі 3-ші орын және кубок пен 30 мың қаржылай сыйлықты Ақтөбе қаласынан келген “Оңай емес” командасы иеленсе, 2-ші орын және 50 мың теңгені Мәртөк ауданынан келген “Бізде осы” командасы жеңіп алды. Ал Бас жүлде және кубок пен 70 мың теңгені Байғаниннен келген қонақтарымыз “Байғанин құрамасы” қанжығаларына байлады. Қатысқан барлық командалар Алғыс хатпен марапатталып, “KALAU PlUS” ЖШС-нің директоры Қанат Айбосыновтың мерекелік дастарханында қонақ болды.

З.ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

В ДУХЕ ПАТРИОТИЗМА

admin_mugalzhar

Журналистер мен БАҚ қудаланбайды — министр

admin_mugalzhar

Елімізде жүргізуші куәлігін алу ережелеріне өзгеріс енгізілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.