«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘДІЛЕТ ПЕН ЖАНАРЫС — ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

20-21 мамыр күндері Испания мемлекетінің Малага қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогі өтті. Жарысқа 22 елден 309 спортшы қатысты. Осы додаға қатысқан мұғалжарлық Әділет Алмат пен Жанарыс Рахметқали ел намысын абыроймен қорғап жүлделі орындардан көрінді.

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Әділет 73 келі салмақта ІІ орынды, Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Жанарыс 66 келіде ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушылары Аслан Шайхин мен Талғат Рятов.

Ұқсас ақпараттар

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқандарға 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі

admin_mugalzhar

ҚАРАҒҰЛ ТАМЫ — ТАРИХИ ОРЫН

admin_mugalzhar

БӨГЕТТЕРІН БЕКІТКЕН АУЫЛДАСТАР

admin_mugalzhar