«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДАРДА СПОРТ АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

1 маусым — Халықаралық балалар күніне орай аудан бойынша үш ауылда көпфункционалды спорт алаңдары пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мамандары хабарлады. 

Аталған көпфункционалды спорт алаңдарының құрылысы Жұрын ауылдық округінің орталығы Жұрында, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Сағада, Құмжарған ауылдық округінің орталығы Бірлік ауылында жүргізілуде. Жұрын ауылындағы салынып жатқан спорт алаңының жалпы көлемі 924 шаршы метрді құрайды. Бюджеттен бөлінген қаржының көлемі — 27 млн 200 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын «Техно-С» ЖШС-і жүргізуде.

— Саға ауылынан салынып жатқан спорт алаңына бюджеттен 28 млн теңге қарастырылды. Ал Бірлік ауылынан бой көтеріп жатқан спорт алаңына 34 млн 200 мың теңге бөлінді. Екі спорт алаңының құрылыс жұмыстарын мердігер «Жайық-Сити» ЖШС-і жүргізуде. Ауылдарда бой көтеріп жатқан көпфункционалды спорт алаңдарында ауыл балалары футбол, волейбол, баскетбол ойындарын ойнайтын болады. Жақында ғана аталған ауылдарды аралап, қадағалау жұмыстарын жүргіздік. 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, — деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Аққайыр.

Ұқсас ақпараттар

FlyArystan аптасына үш рет Алматы мен Ақтөбе арасында лоукостер ұшыратын болды

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

admin_mugalzhar

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.