«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ӘНШІ БАЛАПАН — 2024»: ӨНЕРПАЗ БАЛАПАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Аудандық мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында ұйымдастырылған аудандық «Әнші балапан-2024» балалар байқауы өтті.
Халық шығармашылығы жанрларын өңірде дамыту, дарындыбалалардыанықтау мақсатында өткен байқауда «эстрадалық вокал», «академиялық вокал», «дәстүрлі» жанрларбойынша 7-9, 10-12 жас аралығындағы қалалық, ауылдық округтерден қатысқан өнерпаз балалар бақтарын сынады. Байқауға қатысқан балалардың өнерін бағалап, қазылық еткендердің қатарында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина, әнші Салауат Сәңкібай, термеші Әлима Сәдуова болды.
Қазылар алқасының шешімімен «эстрадалықвокал» жанры бойынша 7-9 жас аралығындағы өнерпаздар балалар арасында Бас жүлдені Айдария Сәлімжан, 9-12 жас аралағындағы балалар арасында Бас жүлдені Аяулым Мұратқалиева жеңіп алды. Ал дәстүрлі жанр бойынша Айзере Шораева өз өнерін көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды. Енді олар Ақтөбе қаласында өтетін облыстық «Әнші балапан -2024» байқауына барып, өнер көрсететін болады.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 3,5 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«ҚАМҚОР» АКЦИЯСЫ: ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.