«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РӘМІЗДЕР — ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ

4 маусым — мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы тап осы күні Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бүгін осы айтулы күнге орай Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан саябақта «Ерліктің нышаны — елдіктің белгісі» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге орай жиналған Қандыағаш қаласындағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, жастар мен қала тұрғындары Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындау республикалық акция аясында сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.

Мерекелік іс-шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Рустам Ахметов аудан тұрғындары мен қонақтарын Рәміздер күнімен құттықтады. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған патриоттық концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сондай-ақ мерекеге орай «Достық» мөлтек ауданы көпқабатты №14 үйдің балкондарына мемлекеттік Тулар ілінді.

Ұқсас ақпараттар

Дені сау ұрпақ – ана денсаулығынан

admin_mugalzhar

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

admin_mugalzhar

Халық кеңесі институты: мәні мен маңызы

admin_mugalzhar