«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР — БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Бахытжан Кадралин қатысты. Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселелер қаралды.

Қандыағаш қаласы бойынша қоғамдық көліктерді жүру кестесі және көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі айтылды.

Аудан орталығында жолаушыларды қалаішілік тасымалдау қызметімен «Финлюкс» ЖШС-і айналысуда. Қала әкімі Талғат Өтемұратовтың айтуынша соңғы екі жылда жолаушылар тасымалын жүзеге асырып жүрген автокөліктер саны күрт азайып кеткен. Бұған басты себеп, жолаушылар тасымалдау қызметінің тиімсіздігі болып табылады. Бүгінгі таңда 13 көлік жолаушылар тасымалымен айналысады.

Қандыағаш қаласы аумағында арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі де көтерілді. Бүгінде қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін 46 алаң орналастырылып, оның ішінде аралас қалдықтар үшін — 218 дана, бөлек жинауға пластик, шыны, макулатура қалдықтары үшін – 53 дана контейнерлер қойылған.

Қала әкімі бүгінгі күні қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 6 жеке кәсіпкер айналысатынын, олар қаладағы 124 көпқабатты тұрғын үйлер мен 3051 жер үйлерге қызмет көрсететінін жеткізді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі Дархан Жанысханұлы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның азық-түлік қоры қанша айға жетеді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ІТ-парк ашылып, креативті индустрияны дамыту жұмыстары күшейтілмек

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.