«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕГІН ОҚУ — ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

Қазір аудан бойынша «AMANAT» партиясы мен HALYK BANK бірлесіп қолға алған «Ауыл халқының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша» тегін оқу курстары жүргізіліп жатыр. Маусымның 12-16 аралығында өтетін оқу курсын Астана қаласынан арнайы келген қаржы және менеджмент саласының білікті маманы Ақмарал Айтжанова өткізуде.
Оқыту курсының халыққа пайдалы жоба екені жиі айтылуда. Бұл оқуға қаржылық сауатын арттырғысы келетін кез келген тұрғын қатыса алады. Сондай-ақ несие бойынша қарыздары бар және борышкерлердің тізіміндегі адамдарға (жеке тұлғалардың банкроттығына ұшырайтын), ағымдағы несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдарға, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын бастауыш кәсіпкерлерге өте тиімді.
Осыған орай, қатысуға ниет білдірушілерге партияның аудандық филиалына хабарласып, әлі де оқуға мүмкіндік барын жеткізеді мамандар. Оқу қорытындысына сәйкес арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
Оқу күндізгі сағат 14:00-де Қандыағаш қаласының №2 орта мектебінің мәжіліс залы мен «Жастық» мөлтек ауданы 2«Б» ғимаратында өтеді. Ауылдық жерден өтініш тастағандарға арнайы көшпелі-оқыту жүйесі қарастырылуда.

Ұқсас ақпараттар

702 ақтөбелік ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысады

admin_mugalzhar

Всех казахстанцев обязали отработать 3 года после вуза, если учились по гранту

admin_mugalzhar

ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.