«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ОРМАНДА ЕҢБЕК ЕТУДЕ

Биыл «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы еңбек жасақтары қала көшелерінде емес, Орқаш және Ембі ормандарында еңбек ететін болады. Осы жылы аталған бағдарлама аясында аудан бойынша жалпы саны 70 жасты жұмыспен қамту жоспарланған.

Бүгінде еңбек жасағының ал-ғашқы легі жұмыстарын бастап кеткен. Орқаш орманы және жануарларды қорғау мекемесінің директоры Камшат Ермағамбетов аталған бағдарлама аясында шілде айында 16 адамның жұмысқа алынғанын жеткізді. Жұмысқа Ембі қаласынан 10 адам, Қаракөл ауылынан 6 адам  тартылған. Шілде-тамыз айларында қалған 54 адам жұмысқа алынады екен.
«Жасыл ел» бағдарламасына 16 жас пен 35 жас аралығындағы жастар тартылады. Оларға 120 мың мен 130 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. 18 жасқа толмаған жастардың айлығы жоғарылау болады. Себебі олардан зейнетақы жарнасы ұсталмайды. Бүгінде еңбек жасағындағы жастар орман күзетшісінің жанында жүріп, талдарды суарып, ауыл мен қала аумағындағы орман ішін қоқыстан тазалап, сенбілік жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге олар тұқым шашу маусымында талдардың тұқымдарын теріп, қарағаш пен акация ағашының, жиденің тұқымдарын егу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді Камшат Ермағамбетов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

2025 жылға қарай халықтың 99%-ы интернетке қол жеткізеді — Мамин

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАР», «КӨШІМ» ЖЫЛҚЫЛАРЫНЫҢ АВТОРЫ 83 ЖАСТА

admin_mugalzhar

Қазақстанның 100 мектебінде пилоттық режимде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.