«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылы 2 ақпанда№ 802 ЖарлығыменҚазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын қабылдаған болатын.

Тұжырымдама мемлекетіміздегі басымды стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жою, онымен мемлекет пен қоғам болым күресу және жемқорлық деңгейін төмендету бойынша кешенді жұмыс жүргізуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Тұжырымдамаинституционалдықжәне нақты бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктерді пысықтауды, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның барлық субъектілерін сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмысқа қатыстыруды көздейді. Өзім басшылық етіп отырған Мұғалжар ауданында Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын кеңінен насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствоаралық комиссиясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, оның орындалуына аудандағы барлық мемлекеттік мекеме және ауылдық округ әкімдіктері жұмылдырылған.

Осы мақсатта 2023 жылы ауданда бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде мемлекеттіктапсырысаясындасыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуге конкурсжарияланып, нәтижесінде «Вместе с нами (бізбен бірге)» үкіметтік емес ұйымы оқушылармен студенттер жәнежалпыжастар арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбы аясында дөңгелек үстелдер мен түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір тетігі – еріктілер тобын құру.  Қазіргі таңда мектептермен колледждер арасында 14-21 жас аралығындағы жастардан құралған «Мұғалжар еріктілері», «Ізгі қала» еріктілер клубтары жұмыс жасайды. Мақсаты – өскелең ұрпақтыңсыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыр, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы жұмыстар арқылы көпшілік санасында сыйбайлас жемқорлықты болдырмаудың тәсілдері мен қағидалары қалыптасып, әртүрліортадаақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіледі. Осындайәртүрліаудиторияларда мәселені талқылау арқылы жастардың білімі артылып, дұрыс көзқарас қалыптасады.

Ауданда қабылданып жатқан экономика, тұрғын-үй, жол-көлік, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы шешімдер аудан тұрғындары арасында, қоғамдық кеңесте және де басқа да белсенді ұйым өкілдерімен талқыланып қабылдануда. Ауданда тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі толықтай қамтамасыз етілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандықпариотизмжәнесыбайласжемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Бүгінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрескежалпымемлекеттік мәртебе берілген. Сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Бұл бағытта Мұғалжар ауданыәкімдігідеаталғансаясаттыкеңінен насихаттау мен оны жүзеге асыру мақсатында ауқымды шараларды жүргізе беретін болады.

Д.ЕРМАҒАНБЕТОВ, Мұғалжар ауданының әкімі

Ұқсас ақпараттар

Референдумның түпкілікті нәтижесі белгілі болды

admin_mugalzhar

2022-2023: ЖАҢАЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІС

admin_mugalzhar

ГІР КӨТЕРІП ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.