«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты көлемді сұхбаты жарық көрді. Президент өз сұхбатында саяси реформалар, жасанды интеллект, ұлттық экономика, әлеуметтік салаларға кеңінен тоқталды.

Келелі сұхбатта Президент ғылым-білім, жасанды интелект туралы көбірек ойлануымыз керек деді, Президент өз сөзінде. Мақалада сондай ақ, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Атом станциясының құрылысы секілді өзекті тақырыптар көтерілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жыл Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Өткен жыл ауданымыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады. Экономикада еңселі биіктерді еңсердік. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде ауданда бірқатар жемісті жұмыстар атқарылды.

Ащысай, Сабындыкөл, Жарық және Қожасай ауылдарына көгілдір отын тартылып іске қосылды. Темір көпір, Көтібар батыр ауылдарынада жаңа мектептер, Жағабұлақ ауылында 100 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Ембі қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жем қаласында, Мұғалжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория, Бірлік, Жарық, Саға, Қожасай ауылдарында жаңа медициналық пункт ғимараттары пайдалануға берілді.

Сағашилі ауылында жаңа спорт кешені, Шеңгелши ауылында жаңа спорт алаңы және Қандыағаш қаласының жасөспірімдері мен жастарының бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында заманауи үлгідегі футбол алаңы ашылды.

Аудан бойынша 15 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 3 жолға орташа жөндеу, 12 жолға құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Қандыағаш- Ембі- Шалқар- Ырғыз» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жалғасты. Қандыағаш қаласынан Ізімбет ауылына дейінгі 50 шақырым жолды асфальттау жұмыстары жүргізілді.

Еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылып, өмірге байсалды, байыпты қарауымыз керек. Бар күш-жігерімізді бірлік пен тірлікке жұмсайық. Сонда ғана Президент айтып отырған айрықша жылға өз үлесімізді қосамыз. Сұхбат барысында айтылған көп дүниелер әрқайсымызға сабақ болуы тиіс. Өскелең ұрпақты татулыққа, тірлікке, бірлікке тәрбиелеу жолында өз үлесімізді қосамыз.

Дархан Ермағанбетов, Мұғалжар ауданының әкімі.

Ұқсас ақпараттар

Нұр-Сұлтанда мүгедектер тегін жолдама алудың қиындығын айтты

admin_mugalzhar

АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРГЕН ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына өтінім қабылдау басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.