«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«SOS POLICIA» ДАБЫЛ ТҮЙМЕЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА

Қандыағаш қаласындағы орталық базар маңынан «SOS POLICIA» деген жазуы бар құрылғыны көрген боларсыз. Ендеше, сол дабыл түймесін басу арқылы сіз өзіңізге төнген қауіп туралы немесе қандайда бір заң бұзушылыққа куә болсаңыз, тез арада аудандық полиция бөліміне хабарлай аласыз. Аудандық полиция бөлімінің мамандары аталған құрылғы қала бойынша әзірге бір  жерге орнатылғанын хабарлады.

Аудандық полиция бөлімі, ақпараттандыру және байланыс тобының аға инспекторы, полиция майоры Райхан Махамбетова аталған құрылғы арқылы полицейлер азаматтардың хабарламаларына жылдам кері байланыс жасап, жедел жауап беруге мүмкіндік беретінін жеткізді.
— Бүгінгі таңда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықты полициямен байланыстыру және құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты «ізін суытпай» ашу үшін «102» мобильді қосымшасы іске қосылды. «102» мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото мен видео жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейне қоңыраулар жасауға болады. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады, ал операторлар не болып жатқанын көре алады және дереу тиісті ден қою шараларын қабылдай алады. Қосымша арқылы сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан бопсалау фактісіне тап болған жағдайда ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметіне де жүгінуге болады. Қосымшаны кез келген адам өз смартфонына жүктеп ала алады. Содан соң тіркеліп, өзіне қатысты мәліметтерді енгізеді, — деді аға инспектор.
Осы уақытқа дейін аталған қосымша арқылы екі тұрғыннан жол ережесін бұзуға байланысты хабарлама түсіп, тиісті шаралар қабылданып, заң бұзушылық бойынша хаттамалар толтырылған.

Ұқсас ақпараттар

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанның 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ АЙНАЛМА ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.