«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде 3,5 мың ауылдың әлеуеті жоғары

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы басым тәртіппен жүзеге асырылып жатыр. Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда республикада 6 295 ауылдық елді мекен бар, онда 7,5 млн ауыл тұрғындары немесе 38%-ы тұрады.
Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды. Онда ауыл тұрғындарының 93%-ы тұрады. Қазіргі уақытта ауылдардың инфрақұрылымын дамыту «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде басым тәртіппен жүзеге асырылуда, – деді Ұлттық экономика министрі.
Министрдің мәлімдеуінше, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылды.
Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 334 объектіні, 1200 әлеуметтік нысандар мен 2 мыңнан астам көлік инфрақұрылым объектілерін салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Осы жылы жалпы 218,2 млрд теңге 771 ауылдық елді мекенде 1800 жобаны іске асыру үшін бөлінді.
Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 244 жоба, 383 әлеуметтік нысан, және ауылішілік жолдарды жақсарту бойынша 1 200 жоба іске асырылуда, – деді Қуантыров.

Ұқсас ақпараттар

2025 жылы нормативке сай жолдардың үлесі 100 пайызға дейін жеткізіледі

admin_mugalzhar

«НҰР-ӘЛЕМ» ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК

admin_mugalzhar

Әкімдер сайлауының алдындағы үгіт 14 шілдеде басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.