«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық банк Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монеталар 2023 жылғы 26 шілдеден бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады, деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.

Монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 100 жылдығына орай шығарылды. Т. Жүргенов – Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Оның атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте бастау алды.

TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL монетасы МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 10 мың дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Ұқсас ақпараттар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

admin_mugalzhar

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

2022-2023: ЖАҢАЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.