«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

25 ЖЫЛДАН КЕЙІН КЕЗДЕСКЕН БАУЫРЛАР

Осыдан бес-алты жыл бұрын әкемнің бауырларын таптым. Әңгімемді сәл әріден бастайын. Әкем бес ағайынды. Алдында үлкен ағасы бар. Біз оны «үлкен әке» деп, ал әйелін «үлкен мама» деп өстік. Сол үлкен әкеміздің бірінші құрған отбасы болатын. Әжемнің айтуы бойынша, келіні өте ақжарқын, қонақжай, ашық болыпты. Араларында екі ұл өсіп, тату-тәтті болып өмір сүріп келе жатқанда, не себеп болғанын  қайдам, үлкен әкеміз сол әйелімен ажырасып тыныпты. Оның, мүмкін, түр сымбаты әсер еткен болар деймін кейін… Өйткені үлкен әкем сымбаты келісті, өте сауатты, ән десе әнді айтатын, сөзі өткір, дуалы, сал-серіліктің қасиеті бар-тын бойында. Бәлки, сол салмақты көтереалмадыма, отырыстардың гүлі болып, той-жиындарда тым белсенді еді. Сондай отырыстың бірінде қазіргі үлкен мамамызды кезіктірген. Олкісідеән-өнергежақын, домбыраның да, гитараның да құлағында ойнайтын. Әлі күнге дейін сол өнері бар бойында. Мен бұның бәрін ес біліп, мектеп оқып жүрген кезімде естідім. Ол кезде екеуінен ортақ ағамбар еді. Жасы 25 ке келгендежолапатынан қаза болды. Ол қаза үлкен әкемді де мамамызды да қатты қинап жіберді. Себебі ағам өте еңбекқор, кішкентай кезінен саудаға араласып, енді көтеріліп келе жатқанында сондай бір шаруа жолына бара жатқан жерінде, ойламаған жерден апатқа ұшырады. Олар Орал қаласында тұрған еді. Оралдың базарда тұратын саудагерлер де бұл қазаға ортақ болды. Оның еңбекқорлығына тәнті болған көпшілік «тіл, көз тиді» деп топшылады да. Бірақ үлкен әкем өзінен туған бірінші отбасында қалған балаларын мүлдем іздемеді. Бірі үш жас шамасында қалса, енді бірі жасқа толар толмас шағында тірідей жетім қалған екен. Сол кеткеннен мол кеткен ғой әкеміз де. Бірақ ол оқиғаның бәрін өзімнің әкем үнемі еске алып, ағасының сондай бір қасиетін ұнатпағанын, дұрыс еместігін бізге айтып отыратын. Әкем болса, өз бауырларын қатты сағынып, ер адам болсада көзінежас алып, еске алатын еді. Себебі жеңгесінің қолында өскендіктен балаларға да бауыр басып қалғанын, жеңгесінің жақсы адам болғанын үнемі айтып жүрді. «Табылса екен, қауышсақ екен» деген үлкен арманын орындағысы келді. «Бармысың, бауырым» хабарына да хат жолдап еді, алайда ол жақтан хабар жетпеді ме, хат дұрыс жолданбады ма, әйтеуір соның сәті түспей-ақ қойды. Содан «М-агент» деген чаттың жаңадан шыққан кезі. Бір күні үйдегі компьютермен сол «М-агентке» кірмек болып үйге кірдім. Жаз күні жаз үйде жүргендіктен үлкен үйге көп кіребермейтінбіз. Тым-тырыс болып тұрған үйдің ішін кенет дырылдаған ауыр зілді үн мен компьютердің процессоры қосылды. Экран ашылып, «Магентке» кірдім. Әкем айтқан екі бауырының аты-жөнін шамалай отырып тердім. Сол шамаға келеді-ау деген сандармен туған күнін, айын дажазып, іздеуге кірістім. Ұзақ отырдым. Бір күн өтті, екі күн өтті… Ашылып шыққан әр адамды толықтай қарап, жазып, зерттеу үстінде едім. Бір күні кешкілік уақытта әкем мен анам тойға жиналып шыққалы жатқан. Мен болсам әлі де сол әурелеумен отырмын. Бір уақытта дәлмен іздеген екі ағамның біреуінің жобасы келетіндей кісіні таптым. Суреті де әкем жаққа келеді. Содан ол кісіге бірден жаздым.

Аға, саламатсыз ба, сіз Бауыржанбысыз? Кешіріңіз, мен бір адамды іздеп жүр едім. Сіз мен іздеген жанға келеді екенсіз. Рұқсат болса бір-екі сұрақ қойсам деп едім. Осылайша жолданған хатқа бірден жауап келді. — Иа, саламатпыз. Кімді іздеп жүрсіз, көмегім тисе қуаныштымыз. Сұрай қойыңыз, — деді.

— Аға, мен екі туысымды іздеп жүрмін. Сіз Жезқазанда тұрамын деп көрсетіпсіз. Әкемде сол іздеп жүрген туыстарының Жез-қазған жаққа кеткендерін шамалап еді. Сіздер бұрын Жағабұлақ ауылында яғни Ақтөбе жақта тұрдыңыздар ма? — Иә, сол жақтан боламыз. Сен оны қайдан білесің?

-Мен Жаңбырбай (атын өзгерттім) деген кісінің қызымын ғой, — деп барлық тегімізді, өз тегін бәрін айта бастадым. Ол өзі де түсініксіз жағдайда отырғанын сезіп тұрдым. Бір кезде нөмірін берді. Ол мен іздеген адам болып шықты. Қатты қуанып, тойға жиналып шыққалы жатқан әкеме көзім жасқа толып жүгіріп барып, барлықжағдайдыайттым. Себебі әкем бұл жұмысымнан хабарсыз еді. Ол да көңілшек адам ғой, көз жанары жасқа толып мөлдіреп, иегі кемсеңдеп, мені құшақтай берді. Телефоныма нөмірді теріп, соға бастадық. 25 жылдан кейін екі бауыр бір-бірімен сөйлесті. Арада көп диалог болды. Бірнеше күндеп, жеңгесімен де, екінші інісімен де сөйлесіп жүрді. Біз оларды ауылға шақырдық. Уақыт өте жазғы демалысты пайдаланып, бірағамекіұлынертіпауылға келді. Мәре-сәре болдық. Ол көріністі елестетіпжазып отырғанныңөзіндежанарымжасқатолып, толқып отырғанымды қарашы… Өте керемет сезім, көрініс орын алды. 25 жыл көрмеген әкем туған бауырымен кездесті. Ұзақ құшақтасты. Сөйтіп ауылдағы үлкендерімізді, туысқандарымызды жинап, қонақ шақырдық. Солай бір ай ауылда болды. Үлкен әкеме хабар беріп еді. Ол кісі келуден де, араласудан да бас тартты. Бірақ өзімнің әкем ағасына бауырлары керек екенін, хабарын енді үзбейтінін жеткізді. Сөйткен екіағамныңүш-үштенұлдарыбар екен. Қазір ойлап отырсам, мал екеш мал да өз баласын тастамай соңынан қалдырмайды ғой. Менің үлкен әкеме балаларынан, немерелерінен бас тартатындай не болды екен деймін… Сол күні жаңғырған ара қатынас әлі күнге дейін байланыста. Олар бізге, біз оларға барып, жақын тартып, қуаныштарда бас қосып жүрміз. Әйтсе де, қанша уақыт өтсе де туғанәкебірқайырылмады… Осы ғана өкінішті болмаса, бәрі жақсы. Мүмкін жасы үлкейе бәрін түсінер дейміз. Айтпағым, кішкентай ғана ғұмырда туған-туғанымен араласып, отбасы құндылығын түсініп, балаларының көз алдында шалқып жүрген шаққа ештеңе тең келмейді. Өмір сүре білген адамға ғана тамаша! Бауырымыздан алыстамайық, ағайын. Балаларымызды тастамайық!

Жаңыл ЖАҢБЫРБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Евгения АТАЕВА: ҚАЗАҚ ТІЛІН БАЛАЛАРЫММЕН БІРГЕ ҮЙРЕНДІМ

admin_mugalzhar

Халық АЭС салу идеясына қалай қарайды – әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері

admin_mugalzhar

«Көрші елдерге қатты тәуелдіміз». Сарапшы неге атом энергиясы керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.