Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысына өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасының қалай іске асырылып жатқаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазіргі уақытта өңір тұрғындары «Ауыл аманаты» аясында 6,5 млрд теңге сомаға 1 486 жобаны қаржыландыруға өтінім берді.
1 389 жоба мақұлданып, оның 930-ы 4 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Нәтижесінде
🟣1 122 жаңа жұмыс орны құрылды;
🟣103 мыңнан астам құс сатып алынды;
🟣48 жылыжай салынды;
🟣146 га алқапқа картоп және басқа да көкөністер егілді;
🟣сондай-ақ ауылда 389 жаңа шағын бизнес нысаны ашылды (наубайхана, ет, сүт өңдеу бойынша шағын цехтар және т.б.).
Премьер-Министр азаматтардың әл-ауқатын арттыру Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру тәжірибесі барлық өңірге кеңінен таралуы тиіс. Биыл оған 100 млрд теңге бөлінді, соның есебінен ауылда көптеген кәсіпкерлік бастаманы қолдау жоспарланып отыр. Келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлеміз. Жобаның арқасында ауылдық елді мекендерде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсармақ. Ақтөбе облысы – жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Осы қарқынмен бұл жұмысты жалғастыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында кепілге қоятын мүлкі жоқ аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін тауарлық несие беру тетігі енгізілді.