«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды

Премьер-Министр қазіргі уақытта жалпы өңір бойынша жергілікті және аудандық маңызы бар жолдардың 30%-ға жуығының нормативтік жағдайы өте нашар екенін атап өтті.

Өңірде үлестік құрылыстың шешілмеген мәселелері бар. Ал, жүйелі шаралар мен жағдайды дұрыс болжау тәсілдерінің болмауына байланысты облыстың жекелеген аудандарын әр жыл сайын көктемде су басып қалады.

Премьер-Министр шешімін таппаған бірқатар әлеуметтік мәселеге де назар аударды⤵️

🏫 13 мыңнан астам бала 101 бейімделген мектепте білім алып отыр.

🔘5 апаттық жағдайдағы, 24 саман-кірпіштен және 13 ағаштан салынған мектеп жұмыс істейді.

🔘Оқушы орындарының тапшылығы 17 мыңнан астам.

🏥64 медициналық мекеме тозығы жеткен және бейімделген ғимараттарда орналасқан.

«Қазір осы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қордан қаржы тартылады. Осыған орай, әкімдік жұмысты күшейтіп, жаңа әлеуметтік нысандарды белгіленген мерзімде тапсыруды қамтамасыз етуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр атап өткендей, жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартудың тағы бір маңызды бағыты – тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және олардың табысын арттыру.

Бұған қазіргі нақты жағдайды ескере отырып қабылданған Халықтың табысын арттыру бағдарламасы айтарлықтай ықпал ететін болады.

Кеңес барысында Әлихан Смайылов ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру есебінен азық-түлік бағасын тұрақтандыру және жеңілдетілген шағын несие беру арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын табысты іске асыру мәселелеріне де тоқталды.

KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

admin_mugalzhar

Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн тойлануы мүмкін

admin_mugalzhar

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫ САТЫП АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.