«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР ЖЕҢІЛ КЕЛЕТІН ДҮНИЕГЕ ӘУЕС БОЛМАУЫ КЕРЕК

КҮНТІЗБЕДЕ ҚЫЗЫЛМЕН БЕЛГІЛЕНБЕСЕДЕ, 12 ТАМЫЗ – ЖАСТАР КҮНІ БОЛЫП ТОЙЛАНЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА БИЫЛ 25 ЖЫЛ. БҰЛ — КҮЛЛІ ӘЛЕМ ШЕҢБЕРІНДЕ ТОЙЛАНАТЫН ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ. ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ БОЛАР БҮГІНГІ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІКТЕ КӨП ҚАЗІР. БІЛІМ АЛУДА ДА, КӘСІП АШУДА ДА, ШЕТЕЛ АРАЛАП, ЕЛ КӨРІП, ЖЕР ТАНУДА ДА ЖОЛ АШЫҚ. ТЕК ЫНТАМЕН ЖІГЕР, МАҚСАТ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ БОЛУЫ ҚАЖЕТ. 14 865 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАСТЫҢ АРАСЫНАН ОСЫНДАЙ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАНЫП, ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСЫП, ЖАСТАР ҮШІН ЖҰМЫСТАНЫП ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА  АУДАННЫҢ ӘР ҚАЛАСЫМЕН АУЫЛЫНАН ІЗДЕДІК. СОНЫМЕН…

Дәуренбек СИРАЖ, аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

-Өзім Қандыағаш қаласының тумасымын. Мектеп қабырғасынан бастап саналы түрде өз бойымда «елдің азаматы болып қызмет жасап, еліміздің абыройын биіктетіп, ұлтымыздың рухын асқақтатып, елімнің дамуына аз да болса өз үлесімді қосуым қажет» деген мақсат қалыптастырдым. Өзімді жан-жақты ашқым келді, мүмкіндіктерімді көру өзіме де қызық болды. Әр ортада белсенді болуға және әр ісімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге тырысамын. Қазіргі таңда өзім осы жастар ісі бойынша жұмыс атқарып келе жатырмын. Бір байқағаным, жастар тез әрі оңай жолмен ақша тапқысы келеді. Оңай дүниеге тым әуес. Бірақ еңбектенген адамның түбі жақсылыққа жететінін ойлай бермейді. Мәселен, ауыр зілтемір көтеруші бірден сол темірді көтере алмайды. Бастапқыда байқап қарайды, үздіксіз, дамылсыз дамып, жеңілін көтеріп жаттығады. Содан кейін ғана жарысқа шығып, жеңіске таласады. Адам да бұл өмірде тырмысып алға қарай жұмыстанса, әлбетте жетістікке жетеді. Мені көпшілік ұйымдастырушы және жүргізуші ретінде таниды, елеп, ескеріп жатады. Соның өзі маған үлкен жетістік. Әлі де атқарар ісім көп. Қоғамға пайдам тиіп жатса, менің өмірлік миссиямның бірінің орындалғаны. Жастарға өз жолын табу үшін иман, жауапкершілік, жігер, еңбекқорлық және табандылық қажет. Ал жастар мерекесіне келер болсақ, бұл мерекенің жастарға берері мол. Қазірде жастарды қолдауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып, мүмкіндіктерге барынша жол ашылып жатыр. Бұл күннің мақсаты да сол жастарды қолдауға арналған. «Жас келсе — іске» дегендей, жас уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысайық. Мерекемізде барша жастарды, әлем жастарын мерекемен құттықтаймын. Біз әкелер жаңа идеялар, біз жасайтын игі істер, біз көрсететін жаңа жаңалықтар көп болса екен деймін.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІЛІК ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ӨНЕРІ

admin_mugalzhar

Бас прокуратура: қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде

admin_mugalzhar

ДИҚАНДАР АСТЫҚЖИНАУДЫ АЯҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.