«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

3 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Аудандық «Мансап» орталығының мамандары «Анаға тағзым» алаңында жастарға арналған бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізді.

Аталған жәрмеңкеге қаладағы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтар көптеп келді. Шара барысында орталық мамандары алаңға жинал-ғандарға жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге жиі өткізіліп тұратын белсенді шаралар бойынша маңызды ақпараттар берді. Өткізілген шара нәтижесінде екі адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға жолдама алды. Сондай-ақ бір адам «Болашақ 07» ЖШС-не  электрик маманы ретінде тұрақты жұмысқа орналасуға бағытталған жолдамаға ие болды.

 

Ұқсас ақпараттар

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯ: ӘДІЛ САЛЫҚ САЛУҒА – МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады

admin_mugalzhar

«Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебаты тікелей эфирде өтіп жатыр

admin_mugalzhar