«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жастар — өр намыстың символы» атты квест ойындары өтті.

Табиғат аясында өткен түрлі сындар мен күрделі тапсырмалардан тұрған квест ойындарына ауылдық округтердің және Жем, Қандыағаш қаласының жастары қатысты. Ойын барысында қатысушылар жылдамдық пен психикалық мықтылықтарын көрсетіп, ой жүйріктіктерін таныта білді.

Алты бөлімнен тұрған квест ойынының бірінші бөлімінде қатысушылар жасырылған нұсқаушыны тауып, есеп шығарды. Екінші бөлімде жасырылған нұсқаушыны тауып, лимон, тосап, пияз, тұзды суды ішті. Содан кейін «Алпамыс» саябағында түрлі сайыстар мен тапсырмаларды орындап, жылдамдықтарын көрсетті. Ал төртінші бөлімде қандығаштық спортшы Нұртас Әжбеновпен шаршы алаңда жұдырық түйістірсе, боз кілемде Жандос Қалабаймен күш сынасып, жүз бір жұмбақ шешті. Бесінші кезеңде белгіленген уақыт ішінде су астынан 10 затты алып шықса, соңында 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беріп, шапшаңдықтарын танытты.

Жарыс нәтижесінде Бас жүлдені Ерсін Тұрақ жеңіп алып, смарт теледидар ұтып алды. Ал ІІ орын алған Жеңіс Қалабай велосипедке, ІІІ орын алған Шоқан Сабитұлы турникке ие болды. Шара соңында квест ойынына қатысушы жастар аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың Алғыс хатымен марапатталды.

 

Ұқсас ақпараттар

Түтінсіз темекіге тәуелділер саны артып барады

admin_mugalzhar

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері қаншаға көтеріледі

admin_mugalzhar

СҮЙЕК ДОМБЫРА — МУЗЕЙДІҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.