«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік ата- аналар мен ер балалар жиналысы өтті. Жиналысқа Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманжол, мектеп директоры Ж.Әбденова, Мұғалжар ауданы полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі Д..Бекжан, Мұғалжар ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры С.Абдиров қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесуде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, білім мекемелеріне ұшты-кескіш заттарды алып келуге тыйым салу жолдары айтылды.

Оқушыларға олардың құқықтары, ата-аналарының құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері түсіндірілді.
Бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары ауданның барлық білім ұйымдарында жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Конституциялық комиссия мүшесі: Жаңа Конституция мәселесін қарау орынды

admin_mugalzhar

Өзге ұлт өкілдері ақын өлеңдерін оқыды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 5G байланысын енгізу қашан аяқталады?

admin_mugalzhar