«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН БЮДЖЕТІН АРТТЫРҒАН АЗАМАТ

Елкей ӘУБӘКІРОВ, Мұғалжар ауданының 2004-2006 жылдардағы әкімі

Мемлекеттік қызмет арқылы тұлға болып қалыптасқан Елкей Әубәкіров 1999 жылы Мұғалжар ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол халықпен қоян-қолтық араласып жүріп, оның тұрмысын, тынысын зерттеді, зерделеді. Ол мемлекеттік қызметке келгенде елдің тәуелсіздік алғанына бірнеше жыл ғана болған еді. Бұрынғы Кеңес уақытындағы барлық байланыстар үзіліп, экономика төмендеп, халыққа жалақы, зейнетақы төлеуде кешеуілдетулер мен қиындықтар болды.

Коммуналдық сала қиындық туғызды, тозығы жеткен су, жылу құбырлары жиі істен шығып жатты. Оның үстіне осы жылдары Ембі-5 полигоны жабылып, қаланың әскери тұрғындары көше бастады. Қаражаттың тапшылығына қарамастан, жоғарыдағы айтылған мәселелер кезекпен шешімдерін тапты. Қандыағаш қаласында 11 шақырым су құбыры тартылды, орталық жылу қазандығы күрделі жөндеуден өткізілді, екі мектепке жеке жылу қазандықтары орнатылды, тағы да басқа күрделі жұмыстар атқарылды. Бұл ауданның дамуына серпін мен сенім берді. Күні-түні тынымсыз жүргізілген еңбектің арқасында аудан экономикасы жедел көтеріле бастады. 2005 жылы аудан бюджеті 1999 жылмен салыстырғанда 5 есеге өсті.

Ұқсас ақпараттар

РЕЖИССЕР АЙНАГҮЛДІҢ ӨНЕРДЕГІ ӨМІРІ…

admin_mugalzhar

Ресейде қар мен жауыннан мыңдаған адам жарықсыз қалды

admin_mugalzhar

Ел экономикасы 3,4 пайызға өсті – Тоқаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.