«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰРУ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жастар үйі» студенттік жатақханасына барды. Министр студенттік жатақханаларда тұру жағдайларын тексеріп, онда тұратын студенттермен әңгімелесті.

Министрмен әңгімелесу барысында студенттер жатақханаларда тұру құны қолжетімді екенін және бес жыл бойы өзгермегенін атап өтті. Сонымен қатар, жатақханалар халықтың осал топтарындағы студенттерге, сондай-ақ белсенді студенттерге, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына және үлгерімі жақсы студенттерге тегін беріледі.

Барлық ғимарат үнемі ағымдағы және күрделі жөндеуден өтеді, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелерімен және шлагбаумдармен жабдықталған.

Министр Саясат Нұрбек студенттер үшін жайлы өмір сүру және оқу жағдайларын қамтамасыз етудің және жастарды білім мен табысқа ұмтылуда қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРЕЛЕ МЕ?

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауына қандай ұйымнан қатысатынын айтты

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

admin_mugalzhar