«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 қазан — Қарттар күні мерекесінде ауданның іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері Қандыағаш қаласында жалғызбасты қарттарға барып, халжағдайларын сұрап, құрмет көрсетті.

Қауымдастық мүшесі Айгерім Сатанова бұл шара мереке қарсаңында қазыналы қарттарға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылғанын айтты. Олар Қандыағаш қаласында тұратын бес жалғызбасты қарттардың үйіне барып, гүл шоқтарын табыстап, тәттілер салынған себетті сыйға тартты. — Біз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарынан жалғызбасты қарттардың тізімін алып, көмекке шын мұқтаж Вера Матрохина, Дания Хайбуллина, Людмила Сайб, Күлгін Алпысбаева, Нина Котельниковаларды мерекелерімен құттықтадық. Сонымен бірге Ембі қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нұрия Қасымқызына да гүл шоқтары мен сыйлық жібердік. Қазақ халқы қашан да қарттарын құрмет тұтқан. Біз де қарияларымызға көңіл бөліп, бір сәтке болса да қуантып, ризашығын алғымыз келді, — деді Айгерім Сатанова . Кәсіпкер нәзік жандыларға риза болған қарттар алғыстарын жаудырып, батасын берді.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫН, САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН, САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАСЫН, ТІРКЕЛГЕН КАНДИДАТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

Қазақстан үшін қараша айына арналған ауа райының болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

Праймериздің екінші кезеңі басталды

admin_mugalzhar