«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» ЖОБАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

«Qazaqstan» телеарнасындағы «Qazaqstan дауысы» ән жобасында жерлесіміз ембілік Миржан Жидебай өнер көрсетуде.
18 жастағы Миржан бүгінгі таңда П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Эстрада вокалында» 4 курсында оқиды.

Ол бұған дейін «Junior Eurovision Qazaqstan» музыкалық жобасының финалисті, сондай-ақ,«Baqytty bala» конкурсының бірінші дәрежедегі лауреаты атанған екен.
2019 жылы Ресейдегі «Голос дети» сайысында ақтық мәреге өткен Миржан Жидебай Полина Гагаринаның тобында өнер көрсетті.

Миржан «Qazaqstan дауысы» жобасында Қуандық Рахымның тобында өнер көрсетеді.
Талантты жерлесімізге бәсі биік байқауда топ жаруға тілектестік білдіріп, қолдау көрсетуге шақырамыз.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «Таза Қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты өңірлік экологиялық форумы өтті

admin_mugalzhar

Евгения АТАЕВА: ҚАЗАҚ ТІЛІН БАЛАЛАРЫММЕН БІРГЕ ҮЙРЕНДІМ

admin_mugalzhar

Солтүстік Аралдағы су көлемі жоспардан бұрын артты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.