«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Португалия мемлекетінің Одевилаш қаласында дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері жерлесіміз Жанарыс Рахметқали мен бапкері Талғат Рятовты қабылдады.
Аудан басшысы дүбірлі додаларда Мұғалжар ауданының, Ақтөбе облысының, Халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Жанарысты жарқын жеңістерімен құттықтады.
Спортшыға мықты денсаулық, спорттық ұзақ ғұмыр тілеп, жарқын жеңістерімен аудан жастарын жігерлендіріп, биік белестерді бағындыру жолында аянбай еңбек ете беретініне сенім білдірді.
Кездесуде спортшы Жанарыс Рахметқали мен бапкері Талғат Рятовқа сый-құрмет көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

АТОМ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ: ЖАҢАРҒАН ЭКОНОМИКАҒА ЖОЛ АША МА?

admin_mugalzhar

ҚАЙЫҢДЫ: КӨШЕЛЕР ҚАШАН АСФАЛЬТТАНАДЫ?

admin_mugalzhar

Ұлттық музыка өнерінің негізін салушы

admin_mugalzhar