«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА…

Қаламызда жастар арасында бұзақылық жасау, өзара төбелесу мен жанжалдар көбейіп тұр. Бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті болып тұрғаны айдан анық. Осы мәселені алдын алу үшін кім қандай әрекет жасауда? Ата-ананың баласына көңіл бөлуі мен тәрбиесімен айналысуы аз болып қалды ма? Әлде үкіметтің жастарға берілген мүмкіндігі жетпей жатыр ма? Жастардың басым бөлігі қосымша секцияларға барғысы келеді, ал бізде көбінде ақылы, оған бірінің қолы жетсе, екінші бірінікі жете бермейді. Жастар деп тұрғанымыз мектеп оқушысы мен колледж студенттері ғана емес, вахталық әдіспен жүрген жастарымыз қаншама. Олар демалысқа келгенде бос уақытын тиімді пайдалану үшін тегін секцияларға бара алмасы анық. Себебі ол жастарға ондай мүмкіндік жасалмаған, қаламыздың қақ ортасынан салынған заманауи спорт кешеніміз бар деп мақтанғанымызбен, ол кешенге кірудің өзі жастардың қалтасына салмақ түсіреді. Қаламызда осы мәселе шешімін тауып, тегін секциялардың саны артса, оң өзгерістер болып, салауатты өмір салтын ұстанушылар көбейер еді.

Ал жастарды қолдауға келсек, ауданымызды көпшілікке танытып жүрген спортшыларымыз, әншілер, жас актерлар, ғылыми жобаларда алдыңғы қатарда жүрген жастарымыз жетерлік. Өзге жастар солардан үлгі алып, сол жастарымыз секілді болсын десек марапатты да лайықты түрде жасағанымыз абзал. Бұл сол жастардың одан әрі биік белестерді бағындыруларына стимул болып, кейінгі жастардың қызығушылығын оятар еді. «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» деп осындайда айтса керек…

З.ЗАИТҰЛЫ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан халқының 15% коронавирусқа қарсы егілмек

admin_mugalzhar

АЗАН ШАҚЫРУДАН ЖАРЫСТЫ

admin_mugalzhar

Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаражатын уақтылы игере алмай жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.